Алматыдағы өрт шыққан хостел аймағында тұрғындарға еріктілер көмектесіп жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Осы жақын жердегі жатақханада тұрамыз. ҚазҰУ студенттеріміз. Осы жерде өрт болып жатыр деп естіген соң көрпе-төсек алып, таңертең келдік. Шетелдіктерге ағылшынша аударып, көмек беріп жатырмыз. Алғашқы керек нәрселермен барынша көмектесіп жатырмыз", - дейді Жантөре Тәжібаев.
Алматыда 13 адам қаза тапқан хостел маңында не болып жатыр?
Еске салайық, бүгін Алматыда хостелде өрт шығып, 13 адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түскені белгілі болды. Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев пен Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев өртке қатысты пікір білдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!