"Көп қателік жасадым". Ырысбала Икрамбай әкесінің атынан 6 балалы отбасыға баспана сыйлады

"Көп қателік жасадым". Ырысбала Икрамбай әкесінің атынан 6 балалы отбасыға баспана сыйлады
Фото: instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Танымал блогер Ырысбала Икрамдай тағы бір мұқтаж отбасыға әкесінің атынан баспана сыйлады - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер бұл баспананы өз қаражатына берді. 

"ПАПА, МЕН СІЗДІ ҚАТТЫ САҒЫНДЫМ.
Сіз кеткенде мектеп оқушысы болған қызыңыздың қолынан қазір біраз шаруа келеді бірақ сіз үшін тек Құрбандық шалып,Құран оқып,Садақа беріп,сауапты іс ғана жасай аламын.
ПАПАУ МЕЙРАМБЕКТІҢ ҚЫЗЫ деген атқа лайық емес көп қателік жасадым,мені кешіріңізші…",- деп жазды блогер

Еске салайық, бұған дейін танымал блогер Ырысбала Икрамбай әкесі өмірден өткенде қандай күйде болғаны жарияланған болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы