"Мен енді кімге папа деймін". Ырысбала Икрамбай әкесі өмірден өткенде қандай күйде болғанын айтты

"Мен енді кімге папа деймін". Ырысбала Икрамбай әкесі өмірден өткенде қандай күйде болғанын айтты
Фото: instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай Instagram-да әкесі өмірден өткенде қандай күйде болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әкем өмірден өткенде үйдің артында жылап отырмын, сондағы бар ойым "Құдайым әкемнің біліп-білмей жасаған күнәсін кешірші, әкем қиналмасыншы, қара жерде жатады ма? Суық қой, жаурайды ғой, бір перзенттің қызығын көрмей кетіп бара жатыр, мен енді кімге папа деймін деген ойлармен жылап отырмын. Үйдің жанында 4-5 еркекпен қатын қосылып алған қақырынып, түкіріп, дос жинапты, абырой жинапты, дүние жинамапты, үйі осы ма, басқа жақтан үй салып жатыр ма деп өсектеп тұр", - деп жазған ол. 

Оның айтуынша, әкесінің досы оған берген қарызын сұрап, "доллармен бер" деп анасының 

"Әкем өлгенде жан жолдасы болды, тіпті "өмірінің соңғы уақытында менің жанымда болды" деп әкемнің басына көк тасын қойған өзі, арада алыс-беріс болған. Араға 13 жыл салып, қарызды сұрап, "доллармен бер" деп шешемнің біраз мазасын алды. Руымыздың беделді азаматы мен жаназасында болған имам кісіні алып барып, шешемді мазалама, дәлелің жоқ, куәң жоқ деп, шешемнің білетіні 4-5 мал екен, соның өтеуі болсын деп құтылдық. Қазір - ақшаға құл заман", - дейді ол. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек