Қолынан айырылған, қатерлі ісікке шалдыққан: Ырысбала Икрамбай мұқтаж отбасыға баспана сыйлады

Фото: Видео кадры

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай жол апатына түсіп, бір қолынан айырылған, қатерлі ісікке шалдыққан әйелге баспана сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Жұлдыз Байболатованың 4 баласы бар, қызы тұрмыста, үлкен ұлы әскерде. Ол екі ұлымен көлік тұрағында салынған үйде айына 30 мың теңге жалдап тұрады. 

Бұдан бөлек, Жұлдыз Байболатова екі ұл, бір қызы бар 29 жастағы Айдананы қолына алған. Кіреберістерді жууға жұмысқа тұрған Жұлдыз Байболатоваға суық тиіп, қатерлі ісікке шалдыққан. 

"Жетісу өңірі, Талдықорғанда бір мұқтаж отбасы Ырысты армияның қолдауымен баспаналы болды! 88-үй құтты болсын!" - деп жазды блогер парақшасында. 

Еске салайық, бұған дейін қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға баспана сыйлап жүрген Ырысбала Икрамбай қорды жабатынын айтқан еді. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Абьюзердің белгілері қандай?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек