"Енді қайырымдылықпен айналыспаймын". Танымал блогер Ырысбала Икрамбай күтпеген жаңалығын айтты

"Енді қайырымдылықпен айналыспаймын". Танымал блогер Ырысбала Икрамбай күтпеген жаңалығын айтты
Фото: әлеуметтік желі

Танымал блогер, қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға баспана сыйлап жүрген Ырысбала Икрамбай қорды жабатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Халқым, еш реніш болмасын, сіздердің қолдауларыңызбен 87-үй табысталды. 88-үйді табыстаймыз, қазір керек-жарағын алып жүрміз. Маған енді "ауырып жатыр, күйеуі тастап кеткен, күйеуі қайтыс болған, қиын жағдайда, қарызға баттым, төлеп бер" деп проблемаларыңызды жазбаңыздар. Мен енді қайырымдылықпен айналыспаймын. Қорды жабамын, жапқанда қалған ақшаны да қайырымдылық жасап, отчет тапсырып, заңды түрде тоқтатамын", - дейді ол.

Айта кетейік, блогер осы айда Қызылорда өңірінің тұрғынына 87-баспананы сыйлаған еді.

Еске салайық, бұған дейін Ырысбала Икрамбай сыйлаған 71-баспананы иесі кепілге қойғаны хабарланған еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова