- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қолын жеп қойған"....
"Қолын жеп қойған". Тарихтағы акула шабуылының 5 оқиғасы
Хургадағы жағалауда 23 жастағы жігітті әкесінің көзінше акула жеп қойды. Кейбір болжамдар бойынша, акула оқиғадан бірнеше күн бұрын жағалаудан көрінген. Ол пирстің жанында жүзіп, кішкентай балықтарды қуған. Бір нұсқаға сәйкес, қонақүй қызметкерлері судан акулалардан қорғайтын торларды алып тастаған. Бұл жыртқыштардың демалыс аймағындағы адамдарға алғашқы шабуылы емес. Хургададағы қайғылы оқиғадан соң танымал курорттарда демалу қаншалықты қауіпті? Тарихтағы акулалар шабулын ұсынамыз. Бұл туралы WH жазды.
Оқи отырыңыз: Египетте жігітті жеп қойған жолбарыс акула қандай жыртқыш?
2023 жылдың ақпаны, Аустралия
Достар байдаркадан кейін шағын өзенде демалуды шешкен. Мұндай сулардың өзінде қауіпті жыртқышты кездестіруге болады екен. Жас жергілікті тұрғынға бұқа деп аталатын акула шабуыл жасаған. Бұл түр кейде теңізден өзендерге жүзіп, таяз суда олжасын аулайды. Жаралы қыз жағаға шығарылды, бірақ дәрігерлер келгенше қайтыс болған.
2022 жылдың ақпаны Сидней
Сидней жағажайларында 60 жыл бойы акулалардың шабуылы болған жоқ, бірақ кенеттен жыртқыш ыстық күнде суға түсуге бел буған жергілікті тұрғынға шабуыл жасады. Оқиға куәгерлері көлік суға құлап кеткендей болғанын үреймен есіне алады. Жас жігітті акула су астына кеткен.
2019 жылдың маусымы, Багам аралдары
Бұл жағдай қорқынышты фильм сценарийі үшін қолайлы болар еді. Иә, шамамен жылына бір рет елдердің бірінде акулалар адамдарға шабуыл жасайды, бірақ сол күні қыз бір емес, үш акуланың құрбаны болды. 21 жастағы Роуз жағаға жақын жерде жүзіп келе жатқан, бірақ ата-анасының оған жақын жерде акула бар деп айқайлағанын естімеген. Жыртқыштар оны тістеп тастаған, бойжеткен алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Оқи отырыңыз: Египетте жігітті жеп қойған акуланы сойған дәрігерлер қорқынышты мәліметтерді айтты
2011 жылдың шілдесі, Сейшель аралдары
Бұл жағдай нағыз немқұрайлылықтың көрінісі. 1 тамызда акула жағаға тым жақын жүзіп келіп, 36 жастағы французға шабуыл жасаған. Қайғылы оқиғадан кейін жағажай жабылуы керек еді, бірақ жағадағы қонақүйдің иелері бұл оларға қаржылық тұрғыдан шығын деп, жаппаған. Екі аптадан кейін жыртқыш қайтадан демалушылар жүзген жерлерге келіп, 30 жастағы ағылшын азаматы Янды шайнап өлтірген.
Ол серфинг жасап жүрген кезде акула оған шабуылдап, бір қолын жеп қойған. Ер адам алған жарақынан бірден қайтыс болған.
Айта кетейік, бейсенбі, маусымның 8-і күні Мысырдың Қызыл теңіздегі Хургада курорттық қаласы жағалауында жолбарыс акуланың шабуылынан ер адам қайтыс болды. Қайғылы оқиғаның видеосы сол күні желіде тарап кетті.
Бейнежазбада акуланың шабуылынан құтылуға тырысқан ер адамның суда жанталасып жүргенін көруге болады. Көмек сұрап айғайлағанымен, жыртқыш балық оны әкесінің көзінше су астына сүйреп әкеткен.
Египеттегі жолбарыс акуласының шабуылының видеосын мына жерден көруге болады.
Кейіннен осы акуланы аулаған видео желіде таралды.
Бірнеше күн өткесін жігітті жеп қойған акуланы сойған дәрігерлер қорқынышты мәліметтерді айтты
Т. Раушанұлы