- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қолыма күш енді...
"Қолыма күш енді оралды". Құрманай Бақтиярқызы денсаулығы туралы айтты
Фото:
instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy
Мәдениет саласының үздігі, ақын, асаба Құрманай Бақтиярқызы денсаулығы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Қазақ елінің барына, менімен ауырған жанына, маған дұға арнап атқызған таңына шексіз алғыс айтамын. Бүгін парақшамды қолыма алдым. Палатаға шыққалы біраз болса да, қолыма күш енді оралды. Әлсіздік болғанымен көңілім орнында. Алла разылығы үшін бәріңізді жақсы көрем", - деп жазды өнер иесі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін әнші Алтынай Жорабаева Құрманай Бақтиярқызы ауыр халде жатқанын айтқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек