Көлігіне қысқы дөңгелек салмаған жүргізушілерге 69 мың теңге айыппұл салынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.
Жыл мезгіліне сәйкес көлігінің дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілерге 5 айлық есептік көрсеткіш яғни, 17 250 мың теңге көлеміндегі айыппұл салынады. Ал талап екінші рет бұзылса, айыппұл мөлшері 69 мың теңгеге дейін ұлғаяды.
Бұған дейін Алматы әкімдігі 31 қазаннан 1 қарашаға ауған түні жолдарда мұз қатуы мүмкін деп ескерткен еді. Астана әкімдігі бір апта ішінде қар жаууы ықтимал деп мәлімет таратқан болатын. Мамандар мегаполистерден бөлек, өзге өңірлердегі көлік жүргізушілері де қысқы маусымға уақтылы дайындалуға тиіс екенін айтып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі өкілдері көктайғаққа байланысты жүргізушілерге жазғы дөңгелектерін ауыстыруға кеңес берген еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз