Алматыда көктайғақ: жүргізушілерге жазғы дөңгелектерін ауыстыруға кеңес берілді

Алматыда көктайғақ: жүргізушілерге жазғы дөңгелектерін ауыстыруға кеңес берілді
Фото: Tengrinews

Алматы әкімдігі ауа райына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, таяу күндері Алматыда жауын шашынның арты сілбі қарға ауысуы мүмкін. Түнде ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендеп, көктайғақ болжанады.

"Осыған байланысты көлік иелеріне жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыру ұсынылады. Жолда мұзды қабыршақ пайда болуы мүмкін, сондықтан жүргізушілерге жылдамдықты төмендету, бүйір аралықты сақтау, автомобильдер арасындағы қашықты арттырудан және жол апаты қаупін ескере отырып, маневрлер жасаудан аулақ болу қажет", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін дөңгелек ауыстырғанда нені ескеру керегі туралы жазған едік. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова