Наурызда оқушылар да бірнеше күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігі жариялаған күнтізбеге сүйенсек, 21 наурыз бен 31 наурыз аралығында оқушыларға демалыс болады. Демек көктемгі демалыс 11 күнге созылады.
IV тоқсан 1 сәуірде, яғни дүйсенбіде басталады.
Айта кетейік, ең ұзақ демалыс күндері бар айлар арасында наурыз да бар. Наурыз мерекесіне орай 5 демалыс күн болады.
- Бес күндік жұмыс аптасы: 21, 22, 23, 24, 25 наурыз - демалыс күндер;
- Алты күндік жұмыс аптасы: 21, 22, 23, 24 наурыз - демалыс, ал 25 наурыз - жұмыс күні.
Айта кетейік, 2024 жылы 249 жұмыс күні және 117 демалыс күні бар. Биыл жұмыс күндері ауыстырылмайды.
2024 жылы қазақстандықтар қалай демалады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!