Прокуратура Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соққан қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қостанай облысы Ұзынкөл ауылында 9 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу аяқталды.
"Айыпталушы адамның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі бойынша сараланған (абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету шығарылған). Баптың санкциясы 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады", - делінген хабарламада.
Айыптау актісімен қылмыстық іс Ұзынкөл аудандық сотына келіп түсті.
Еске салайық, бұған дейін Ұзынкөл ауылында Жастар күніне арналған көбік кеші өтіп, онда 9 жасар қыз электр тоғы соғып, қайтыс болғаны туралы жарияланған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!