"Кімсің сен?" Актриса Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" фильмін сынағандарға жауап берді
Танымал актриса, продюсер Дариға Бадықова "Aq pen Qara" подкастына берген сұхбатында Ермек Тұрсыновтың "Таптым-ау сені" фильміне қатысты білдірген пікіріне жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актрисаның сөзінше, халықты төмендетіп, өзін биік еткен адамның ісі өте төменгі деңгей.
"Халықты төмендетіп, "деградация, халықтың деңгейінің жеткен жері осы екен, халықтың көрері" деп айтып жүрген, халыққа уын шашып отырған адамдар бар. Сен кімсің халықты қолыңа қару қылып, манипуляция жасайтын? Бұл бәріне қатысты, Ермек аға болсын, басқасы болсын. Мен "кімсің сен?" деп айтар едім. Халықтың деңгейі әлдеқайда өсіп кеткен. Қазір әрбір үйдің теледидарында мың сан арна бар, халық өзі біледі не көретінін. Қазір сонау 90-шы жылдар емес қой бар-жоғы үш арнаны көріп отыратын. Сондықтан халықты төмендетіп, өзін биік еткен адамның ісі мен үшін төменгі деңгей. Халық өнерді әртүрлі қабылдайды. Халықта жан бар, жүрек бар, тұрмыс-тіршілігі мен бала-шағасы бар. Халық өзіне керегін алады, керек емесін сызып тастайды, олар да ақымақ емес. Кез келген адам үйінде жатып ғаламторға кіреді де өзінің қалағанын жанрында фильмін көре алады. Ал біз түсірсек, "мұндайды көрмеу керек, соттау керек" деп шығады. "Фильмнен не тәрбие аламыз" деу ол қате пікір. Мен қайта, керісінше, фильмнен "мынандай затты істеуге болмайды екен" деген түйін жасаса екен деймін.
Сынап жатқан кісілер мемлекеттің ақшасына кино түсіріп, талан-таражға түсірді. Ол өзінен кіші қаршадай бала мен қыз біреуден қарыз алып фильм түсірсе, осылай дейді. Мен халыққа тек алғысымды білдіремін, қоғам тарапынан маған қолдау өте көп. Бірақ бір-екі адамның пікірінің кесірінен халықты түсіруге болмайды ғой", - деді актриса.
Еске салайық, бұған дейін "Мұны көргенше, өліп кетуім керек еді". Ермек Тұрсынов Дариға Бадықованың фильмін сынап тастағаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Асыраушысынан айырылған отбасыға қандай жәрдемақы беріледі?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә