"Мұны көргенше, өліп кетуім керек еді". Ермек Тұрсынов Дариға Бадықованың фильмін сынап тастады

"Мұны көргенше, өліп кетуім керек еді". Ермек Тұрсынов Дариға Бадықованың фильмін сынап тастады
Фото: Видео кадры

Танымал режиссер Ермек Тұрсынов Дариға Бадықованың "Таптым-ау сені" фильмін сынап тастады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Бұл туралы ол "Мүмкін емес" Youtube-арнасына берген сұхбатында бөлісті. 

"Кинода не болып жатыр? Мен мұны бұрын да айтқан едім. Бұл - толық деградация. Менің ойымша, бұл диверсия. Дәл қазір біздің көз алдымызда диверсия болып жатыр. Көп адам барып жатыр. "Таптым-ау сені" фильмі сұмдық қой. Мен ерінбей бардым. Сұмдық болса да, зал толы болды. Елестетіп көрші. Адамдардың санасы мен жаны сонша уланған, не көріп отыр? Мен тұрып "сендерді алдап отыр" деп айтқым келеді. Қазір неше түрлі акртерлер, режиссерлер пайда болған? Экранда не болып жатыр? Мұны көргенше өліп кетуім керек еді", - дейді ол. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек