Қазір жемістерді жылдың кез келген мерзімінде табуға болады. Алайда ең дәмді және пайдалы жемістер өз маусымында сатылады. Жаз - өріктің табиғи жолмен пісетін кезі. Өрікті қалай таңдау керек және оны кімдерге жеуге болмайды?
Жұмсақ өрік жемісі 10,5% қанттан тұрады. Сонымен қатар онда:
Бірінші кезекте өрік арықтағысы келетіндер үшін жақсы. Ода калория аз, ал пайдалы жасұнық көп. Соның арқасында жеміс асқорытуды реттейді, қан тамырларды қатайтады. Оған қоса, өрік төзімді бола түсуге және көңіл күйді көтеруге көмектеседі.
Сондай-ақ өрік құрамының арқасында иммунитетті қатайтады, темір тапшылықты анемиядан қорғайды және қатерлі ісік қаупін азайтады.
Кез келген өнімге секілді өрікке де қарсы көрсетілім бар. Өрікті диабеті, аллергиясы, асқазан-ішек жолы аурулары және бауыр ауруы бар адамдарға абайлап жеу керек.
Өрік барынша пайдалы болу үшін оны дұрыс таңдау керек. Жақсы өріктің түсі тегіс болуы керек: ода ешқандай нүктелер мен дақтар болмауы тиіс. Өріктен тәтті иіс шығып тұруы керек және сырты құрғақ болуы керек. Өріктің өте жұмсақ немесе өте қатты түрін алмаңыз.
Оқи отырыңыз: Кімдерге алма жеуге болмайды? Өзіңізді тексеріңіз!
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!