- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қиын-қыстау, қилы заманда,...
"Қиын-қыстау, қилы заманда, не болмаған байтақ даламда" әнінің авторы халықтан кешірім сұрады
Айтыскер, ақын Сырым Әуезхан төтенше жағдайларда жиі айтылатын "Біз біргеміз" әнінің авторы екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, халықтан бұл әннің көзін құрту керек деген пікір көп айтылып жатыр.
"Құлсарыға келгелі бері ең көп естіген сөзім - "Біз біргеміз" деген әннің көзін құрту керек деген сөз. "Қиын-қыстау, қилы заманда, не болмаған байтақ даламда" деген әннің түбіне жетейік, құртайық, тізімнен алып тастайық деп жатыр ғой. Сол әннің авторы, шынымен, мен. Мен жазған едім. Халықтан кешірім сұраймын. Екіншіден, әннен басқа да себептерді қарастырып көрсеңіздер деген ұсыныс бар. Осы әннің артынан жақсы мағыналы, елге пайдалы, елдің рухын көтеретін әннің сөзін жазсам ба деген ниет бар", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Құлсарыда үш мыңға жуық үйді су басқаны хабарланды.
Құлсарыдағы су тасқыны: қаланың қазіргі ахуалы қандай?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова