Құлсарыдағы су тасқыны: қаланың қазіргі ахуалы қандай?

Фото: Видеодан алынған кадр

Атырау облысы Жылыой ауданында Жем өзенінде су деңгейі көтерілуіне байланысты елді-мекендерге қауіп төнді. Қазір ТЖД құтқарушылары тұрғындарды, төрт түлік малды қауіпсіз жерге көшіруге көмектесіп жатыр.  Massaget.kz тілшісі Құлсары қаласына арнайы барып, қаланың қазіргі ахуалын видеоға түсірді.

@massaget.kz #құлсары#атырау#сутасқыны#жем#жайық#рек#хочуврек#маңызды ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Апат аймағынан кешелі бері 15 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Соңғы дерек бойынша 2500- дей тұрғын-үйді, әкімдік ғимаратын, инфрақұрылымдық нысандар мен орталық стадион суда қалды. Күні-түні тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүруде.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы