- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кешіріңдерші". Darkhan Juzz-дің...
"Кешіріңдерші". Darkhan Juzz-дің әйелі марқұм күйеуінің соңғы сөзін айтты
Таиландта қаза тапқан қазақстандық музыкант Darkhan Juzz-дің әйелі Instagram-да марқұм күйеуі туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Маған әр кез, әсіресе, балалар туғанда көмектестің. Оның қандай музыкант болғанын бәрі біледі. Бірақ қандай керемет күйеу және әке болғанын бәрі біле бермейді. Біз жүріп жүргенде мені үйге дейін шығарып салғаныңда "Мен сенің күйеуің, досың, бауырың және әкең боламын" дедің. Сол кезде сенің не айтқың келгенін түсінбедім. Бірақ үйленгеннен кейін бәрін көрдім және көзім жетті. Мені Бөрте, Күн мен айым деп атадың, ал мен үшін сен Алтын едің", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ол сонымен бірге марқұм күйеуі әрқашан жоспарларын айтып жүретінін және ол ән айтып келгенге дейін ұйықтамай күтетінін, әр кез әндерінің демо-нұсқасын жіберетінін жазды.
"Маған түнде кітап оқып беретінсің, ұйықтап кетсем, сен Джек Лондонды әрі қарай оқи беретінсің, ал таңертең не болғанын айтып беретінсің. Сенің айтқаныңның бәрі есімде. Соңғы сөзің "Уәде берсем де, сендермен бірге болуға уақыт таба алмай жатырмын, кешіріңдерші. Мен студиядамын. Уақыт жоқ, жұмыс көп. Босай салысымен уақыт бөлемін" болды. Сен қуанғаннан жарқырап жүрдің. Осы жылға көп жоспарың мен жұмысың болды. Ұшпауың керек еді. Ол сенің жоспарыңда болмаған еді. Әрдайым жоспармен жүріп, оны өзгертпеу керек еді. Сен әрдайым осылай айтушы едің. Ешқашан өтірік сөйлемейтінсің және бетке айтатынсың. Әрқашан "қалай бар - солай қабылдасын" деп айтатынсың. Сен менің қаhарманымсың. (...) Менің жаным. Менің Алтыным", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, 24 ақпанда Darkhan Juzz лақап атымен танылған әнші Дархан Жүнісбеков қайтыс болды.
Сыртқы істер министрлігінің өкілдері әнші Дархан Жүнісбеков Таиландта жалға алған мопедімен жол апатына түсіп мерт болғанын растады.
24 ақпанда Арбатқа қазақстандық музыкантпен қоштасуға жүздеген жас жиналды. Олар марқұмның әндерін хормен айтты.
Қазақстандық õzen лейблі Дархан Жүнісбековтің жазып үлгермеген альбомы бар екенін және оны міндетті түрде жарыққа шығаратынын хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан