"Альбомы аяқталмай қалды". Ozen лейблі Darkhan Juzz-дің шығармашылығына қатысты пікір білдірді

"Альбомы аяқталмай қалды". Ozen лейблі Darkhan Juzz-дің шығармашылығына қатысты пікір білдірді
Фото: Instagram/d.juzz

Ozen лейблінің өкілдері Таиланда қайтыс болған танымал әнші Darkhan Juzz-дің шығармашылығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Ozen лейблінің Instagram-парақшасында жарияланды. 

"Darkhan Juzz - жаңа толқынның алғашқы әншілерінің бірі. Ол миллиондаған адамды қазақ музыкасына ғашық етіп, көп адам үшін ана тілін үйрене бастауға түрткі болған. Оның өмірі қыршынынан қиылды, бірақ Дархан көп нәрсені түсініп үлгерген азамат еді. Кейінгі кездері ол шынымен бақытты өмір сүріп жатқандай болатын.

Juzz-дің альбомы аяқталмай қалды. Біз оны міндетті түрде аяқтап, шығарамыз. Барлық әннің құқығын ұлы Ади мен қызы Айданаға мұра ретінде рәсімдейміз. Әр стримиңінен түсетін қаржы 100 пайыз отбасына беріледі. Дарханның мұрасын сақтап қалу үшін үлкен жұмыс жасайын деп жатырмыз. Оның әндері шексіз болсын", - делінген жазбада. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от õzen degen soul (@ozenxo)

Сондай-ақ, әншінің денесін Қазақстанға жеткізу үшін қаражат жиналып жатыр. 

Реквизит:  4400 4301 8388 7261 (Өміржан М.).

Музыкалық білімі жоқ, Арбатта ән айтқан. Darkhan Juzz көпшіліктің есінде немен қалды?

Еске салайық, 24 ақпанда Darkhan Juzz лақапатымен белгілі әнші Дархан Жүнісбеков қайтыс болды.

Сыртқы істер министрлігі өкілдері әнші Дархан Жүнісбековтің өліміне қатысты түсінік берді.

"Таиланд полициясының ақпараты бойынша, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Ол жалға алған мопедімен жол апатына түскен. Консул марқұмның туыстарымен байланыста, Қазақстанға мәйітті жіберу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Алматылықтар Darkhan Juzz-бен қоштасты

Darkhan Juzz (Дархан Жүнісбеков) – рэп орындаушысы, ән авторы және дыбыстық продюсер еді. Оның жұмысы классикалық трапты, акустикалық гитараны және сезімтал лириканы біріктірді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек