Алматыда барахолка базару аумағында қоймалардан шыққан өрт сөндіріліп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.
ТЖД мәліметінше, 12 тамызда сағат 7:16-да Алматы қаласы ТЖД 101 пультіне Алматы қаласы Жетісу ауданындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Дереу оқиға орнына күштер мен құралдар шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жіберілген.
"4 минута келген сәтте Москвин көшесінде (алдын ала ақпарат бойынша кеңсе заттары, керек-жарақтар, ұялы телефон) заттарды бар қоймалар ашық жалынмен өртеніп жатқаны анықталды. Оқиға орнында Жедел штаб құрылып, бірнеше өрт сөндіру учаскелері құрылды", - делінген хабарламада.
Қоймалардың қабырғалары металлдан жасалғандықтан, жоғары температура пайда болдып, құрылымдардың құлау қаупі пайда болған.
"Өртсөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеп жатыр. Москин көшесі, 7а мекенжайында көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді: құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тауарлық-материалдық құндылықтары бар көрші қоймаларға өрттің алдын алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді", - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары әкім аппаратының 109 құтқару қызметі, Алматы Су-Алматы Тазалық су тасығыштары: 35 техника, 100-ден аса адам, судың үздіксіз беру қамтамасыз етілген.
Еске салайық, бұған дейін Алматдағы барахолка базары аумағында ірі өрт шыққаны хабарланған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз