Алматыда барахолка базары аумағында ірі өрт шықты

Алматыда барахолка базары аумағында ірі өрт шықты
Фото: Алматы ТЖД

Алматыда базар аумағында қоймалар өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.

12 тамызда сағат 07:16-да Алматының Жетісу ауданындағы өрт туралы хабар түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

"Москвин көшесіндегі қоймалар өртенді. Оқиға орнына Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылған. Жедел штаб құрылды, бірнеше өрт сөндіру орындары құрылды.

Ғимараттың жобалық ерекшеліктеріне байланысты жоғары температура және құрылымның құлау қаупі пайда болды. Өртсөндірушілер қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жұмыс істеп жатыр, көрші қоймаларды сөндіру және қорғау үшін құралдар енгізілді", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 25 техникасы, 85 адамы, сондай-ақ қалалық өзара іс-қимыл қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от интернет-СМИ «Kris P Official» (@kris__p__official)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан