Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі терактке байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі терактке байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі терактке байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз қазір жағдайдың егжей-тегжейін анықтап жатырмыз. Мәскеудегі елшілік жергілікті билікпен және тиісті қызметтермен байланыста. Қаза тапқандар немесе зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының болуы туралы ақпарат түскен жоқ. Қосымша ақпарат келіп түскен сайын хабарлайтын боламыз. Қазір елшілікте 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі ашылды", - деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, 23 наурызға қараған түні Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады.  

Соңғы деректер бойынша, кемінде 40 адам қаза тауып, 100 адам зардап шеккен

Ақорда Мәскеудегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина