Қазақстандықтарға жер сілкінісі туралы алдын ала ескертетін қандай қосымшалар бар?

Алматыдағы қатты жер сілкінісінен кейін әлеуметтік желіде табиғи апатты алдын ала ескертетін Еarthquake атты қосымша туралы ақпарат тарады. Бұл қандай қосымша? Оған сенуге бола ма? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

Ios - Earthquake, Android - Earthquake Network 

Бұл қосымша барлығы 3 миллионнан астам рет жүктелген, ол бүкіл әлем бойынша жер сілкіністі бақылап, дерек ұсынады.

IPhone басылымы мәліметінше, қосымшада елдегі жаңа жер сілкінісі туралы хабарландырудың жұмысын жақсартуға және ескерту жұмыс істеуі керек параметрлерді егжей-тегжейлі реттеуге мүмкіндік беретін ақылы жазылым бар.

"Барлық қажетті ақпаратты, соның ішінде push-хабарландыруларын тегін көре аласыз. Сонымен қатар, қосымшаның интерфейсі әдемі және түсінікті", - делінген бағдарлама сипаттамасында.

Бұл қосымшаның басты беті және әлем бойынша болып жатқан жер сілкіністерінің тізімі. Мұнда табиғи апат туралы барлық мәлімет бар, қай мемлекет, қала, сағат қаншада болғаны, неше балл екені, магнитудасы және тағы басқа.

Фото: қосымша скрині

Ал бұл жер сілкінісі болған елдердің картадағы көрінісі.

Фото: қосымша скрині

Қосымша жер сілкінісінен бөлек, су тасқынын да ескертеді.

Фото: қосымша скрині

Алайда, қосымшадағы тізімнен Алматыдағы жер сілкінісін таба алмадық. 

Ал отандық блогер Желідегі парақшасында Samsung маркалы ұлы телефоны зілзала туралы алдын ала хабарлама жібергенін бөлісті.

Оның айтуынша, қосымшадағы ақпарат ресми мәліметтермен сәйкес келген.

Кез келген ұялы телефон маркасын табиғи апаттар туралы хабарлама жіберетіндей етуге болады. Ол үшін арнайы "Google" қосымшасын жүктеу керек.

  1. Қосымшаға кіріп, "параметрлерге" өтеміз;
  2. Параметрлер арасынан "хабарламаларды" таңдаймыз;
  3. Келесі "хабарландыру санаттары";
  4. Экранға шыққан тізімнің ішінен "ауа райы" мен "шұғыл ескертуден" басқасын іске қосамыз;
  5. Енді ұялы телефонның "параметрлеріне" кіріп, қосымшаның геопозицияны қолдануына рұқсат береміз;
  6. "Шұғыл хабарламаны" іске қосамыз.

Осылайша, енді смартфоныңызда табиғи апатты алдын ала ескертетін қосымша жұмыс істейді.

Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "НТЦСН и И" сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша сағат 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 00:09:02-де (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 09 мин 02 сек) жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 5 балл, Шымкент 2 балл болып сезілген. 

Артынша жер сілкінісі тағы да сезілді. Көп ұзамай жер сілкінісінің үшінші толқыны сезілді.  

Алматыда жер сілкінісі қайталанбайды

Сейсмикалық болжау комиссиясы Алматыдағы жағдай бойынша қорытынды жасады. Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының базасында комиссия Алматы болжамдық полигонының аумағындағы сейсмикалық жағдайға бағалау жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша комиссияның кезектен тыс отырысының хаттамасы дайындалады.

"Комиссияның қорытындысына сәйкес күшті және жойқын жер сілкінісі күтілмейді", - деп жазылған хабарламада.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді.

Алматы қалалық полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелері қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді. Қаладағы жағдай тұрақты

Тағы да оқи отырыңыздар: Хақназар ханның қазақ тарихындағы рөлі қандай? Нелiктен «оның ұрпағы бұдан былай хандық етпедi»?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!