Қазақстандықтардың шағымынан кейін байланыс операторларының тарифтері тексеріліп жатыр

Қазақстандықтардың шағымынан кейін байланыс операторларының тарифтері тексеріліп жатыр
Фото: elements.envato.com

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазақстандықтардың ұялы байланыс операторларының тарифтерді көтеруіне қатысты шағымдарынан кейін жүргізілген тексеру туралы хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Операторлардың тарифтерді көтеретіні туралы хабарламаларға келетін болсақ, қазіргі уақытта агенттік өз құзыреті шегінде тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр: тұтынушылардан арыз-шағымдар түсті, олардың негізінде сұраныстар жіберілді, баға мониторингі жүргізіліп жатыр.

Бірақ бұл ретте агенттік бағаны көтерудің негізділігін монополияға қарсы жоғары бағаны белгілеу жөніндегі монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері болған кезде ғана тергеу барысында анықтай алады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі Tengrinews.kz сауалына берген жауабында.

БҚДА мәліметінше, тарифтерді негізді көтеру деректері болмаған жағдайда заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Еске салайық, бұған дейін тұрғындар байланыс операторларының тарифтері қымбаттағанына шағымданған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан