Қазақстандықтардың жеке меншігінде қанша яхта мен ұшақ бар?

Қазақстандықтардың 490 жеке яхтасы мен 248 ұшағы бар. Мұндай мәлімет "Ашық НҚА" порталында жарияланған Салық кодексі жобасына қатысты консультативтік құжатта келтірілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігі жариялаған құжатта Қазақстанда яхталар мен жеке ұшақтар шектеулі адамдар меншігінде ғана бар екені айтылған. Осылайша, 490 яхта жеке тұлғаларға, 176-сы заңды тұлғаларға тиесілі; ұшақтардың 248-і жеке тұлғаларға, 665-і заңды тұлғаларға тиесілі.

Бүгінде заң жүзінде сән-салтанат тауарларына салынатын салық жоқ.

Жаңа Салық кодексі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс. Әзірлеушілер оған сән-салтанат салығын енгізуді жоспарлап отыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз