Яхта, спорткар және вилла: сән-салтанат салығы неге салынады?

Яхта, спорткар және вилла: сән-салтанат салығы неге салынады?

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сән-салтанат салығы не үшін қолданылатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сән-салтанат салығы белгілі бір құны қымбат, тіпті инвестициялық құны бар жылжымайтын мүлік, көлік және басқа да сән-салтанат нысандарына қолданылады. Құнына байланысты үдеме болады. Мысалы яхталар, спорттық автомобильдер, шетелдік виллалар, жеке ұшақтар. Бұларға сән-салтанат салығы қолданылатын болады", - деді министр ОКҚ брифингінде. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина