- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандықтардың жеке меншігінде...
Қазақстандықтардың жеке меншігінде қанша яхта мен ұшақ бар?
Қазақстандықтардың 490 жеке яхтасы мен 248 ұшағы бар. Мұндай мәлімет "Ашық НҚА" порталында жарияланған Салық кодексі жобасына қатысты консультативтік құжатта келтірілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық экономика министрлігі жариялаған құжатта Қазақстанда яхталар мен жеке ұшақтар шектеулі адамдар меншігінде ғана бар екені айтылған. Осылайша, 490 яхта жеке тұлғаларға, 176-сы заңды тұлғаларға тиесілі; ұшақтардың 248-і жеке тұлғаларға, 665-і заңды тұлғаларға тиесілі.
Бүгінде заң жүзінде сән-салтанат тауарларына салынатын салық жоқ.
Жаңа Салық кодексі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс. Әзірлеушілер оған сән-салтанат салығын енгізуді жоспарлап отыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Шәріпхан