Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев қазақстандықтар саусақ іздерін қашан тапсыратынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, заң келесі жылы күшіне енеді.
"Қазір біз түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 2016 жылы "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заң қабылданғанын айттым. Ол 2024 жылы күшіне енеді. Бұл бәріңіз дактилоскопия тапсыруға барасыздар дегенді білдірмейді. Мысалы, сіздің куәлігіңіздің немесе төлқұжатыңыңдың қолдану мерзімі аяқталды дейік. Құжат беру жүйесі ХҚКО-да жүргізіледі. Ол өзгермейді. Сондай-ақ, сіздің жеке құжатыңызға саусақ ізі түрінде қосымша қорғаныс енгізіледі", - деді министрдің бірінші орынбасары Үкімет отырысынан соң.
Ол мұндай тәжірибе көрші елдерде барын жеткізді.
"Бұл тек Қазақстанның тәжірибесі емес. (Саусақ іздерін - еск.) тіркеу жүйесі көптеген елде бар. Мысалы, Түркия мен Өзбекстан бұл жүйені баяғыда енгізген. Басты мақсат - жеке басын куәландыратын құжаттарға қосымша биометриялық қорғауды енгізу", - деді Марат Қожаев.
Вице-министр қазақстандықтарды қорықпауға шақырды.
"Саусақ іздері қалай сақталады және қорғалады? Олар жүйеге кодификацияланған белгілер түрінде енгізіледі. Бұл кез келген адам оларды (саусақ іздерін - еск.) ала алады дегенді білдірмейді. Керек болған жағдайда арнайы идентификатор (саусақ іздерінің - еск.) кімге тиесілі екенін анықтауға көмектеседі", - деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін саусақ іздері қалай пайда болатыны туралы материал жазған едік.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ұшақта неге телефонды өшіріп қою керек?
Аяз Есен
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!