Қазақстандық файтер UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты

Қазақстандық файтер UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты
Фото: ©Reuters

Қазақстандық Мария Агапова UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол 31 шілдеде Далласта (Техас, АҚШ) UFC 277 турнирінде оңтүстіккореялық Джи Ен Киммен кездесуі керек еді, бірақ жарақатына байланысты октагонға шыға алмаған болатын.

"Жарақат орнындағы ісік басылды. Сондықтан бұлшық еттерді күшейте бастадық. Келесі аптада ММА жаттығуларына ораламын және қыркүйектің аяғында өтетін жекпе-жекке дайындаламын. Қазіргі уақытта менеджерім басқа қарсылас іздеп жатыр. Оңалту жақсы өтіп, қыркүйектің соңында жекпе-жекке шыға аламын деп үміттенемін", - деп жазды Агапова Instagram-парақшасында.

Е. Төлеш