Таиландтың Бангкогында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасында бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасынан екі боксшы финалға жолдама алды, ал жетеуі жартылай финалдан әрі аса алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
70 келіде өнер көрсететін Жасмин Кизатова мен 81 келіде Гүлсая Ержан алтын медальге таласады.
Жасмин Кизатованың қарсыласы өзбекстандық Азиза Зорикова болса, ал Гүлсая Ержан тай боксшысы Порнипа Чутиға қарсы бокстасады.
Финал 25 қаңтарда Астана уақытымен 13:00-де басталады.
Еске салайық, бұған дейін ерлер құрамасындағы алты боксшымыз Азия чемпионаты финалына шыққанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!