Алты боксшымыз Азия чемпионаты финалына шықты

Алты боксшымыз Азия чемпионаты финалына шықты
Фото: видео кадры

Бокстан Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының финалына 6 қазақ боксшысы шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық боксшылар Санжар Ташкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Махмуд Сабырхан (57 келі), Абзал Серік (67 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі), Диас Молжігітов (75 келі) Таиландтың Бангкогында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты.

Ал Талғат Сырымбетов (60 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Ерасыл Жакпеков (80 келі), Аманат Сабырғали мен Ерхат Бекзат (92 келі) финалға өте алмады және қола медаль иеленді.

Аманат Сабырғали, Ерхат Бекзат, Ерасыл Жакпеков өзбекстандық боксшыларға, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы моңғолиялық қарсыласына, ал Талғат Сырымбетов таиландық боксшыға есе жіберді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан