Қазақстандық дәрігер жасаруға көмектесетін өнімдерді атады

Қартаюды тоқтату мүмкін емес, бірақ оны баяулатуға болады. Өз жасыңыздан жас көріну үшін тері жағдайын жақсартатын өнімдер қолдану керек. Теріні іштей белсенді қоректендіруге және ерте қартаюдың алдын алуға болады. Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында жасаруға көмектесетін өнімдерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, ерте қартаюдың алдын алу үшін мына төрт өнімді күнделікті рационға қосқан жөн:

Жұмыртқа 

Ол сүйек, бұлшықетке өте пайдалы. Құрамындағы аминқышқылдары дене пішінін сақтауға көмектеседі.

Брокколи

Жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсартып, целлюлиттің алдын алады. Жұқпалардан сақтап, ағзаны уыттардан тазартуға көмектеседі.

Авакадо

Иммунитетті көтеріп, жүрек жұмысын жақсартады.

Қызылша

Құрамындағы дәрумендер жүйке жүйесін жақсартып, жастық пен сұлулықты сақтауға көмектеседі.

Қартаюды жақындататын 5 әдет

Тағы да оқи отырыңыздар: Фотограф болу үшін қайда оқу керек?