Қазақстандық дәрігер ауа тазартқыштың денсаулыққа тигізетін 5 зияны туралы айтты

Невролог және нутрициолог Ұлжалғас Сманова Instagram-парақшасында адамдар дәретханада күнделікті қолданып жүрген ауа тазартқыштың денсаулыққа тигізетін зияны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, ауа тазартқыштың құрамындағы формальдегид, нитрит натрий, этанол, фталат және бензол сияқты қоспалар денсаулыққа айтарлықтай зиян. Мәселен, 

  • Формальдегид - тыныс алу жолдарын зақымдайды, аллергия мен өкпе қатерлі ісігіне алып келеді;
  • Нитрит натрий - оттегі жетімсіздігіне, асқазан-ішек жолының шырышты қабатын бұзады;
  • Этанол - жүйке жүйесіне у, эротроциттердің бұзылуына алып келеді;
  • Фталат - гормоналды фонға кері әсер береді, балаларда СДВГ тудырады, омырау обырына алып келеді;
  • Бензол - жүйке жүйесін тітіркендіреді, теріні майсыздандырады және лейкозға алып келу қаупі бар.

Айта кетейік, бұған дейін ауа тазартқышты қолдан қалай жасауға болатыны туралы хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Гольлджи жиынтығы және лизосома деген не?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!