- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстандық дәрігер ауа...
Қазақстандық дәрігер ауа тазартқыштың денсаулыққа тигізетін 5 зияны туралы айтты
Фото:
rawpixel.com/Freepik
Невролог және нутрициолог Ұлжалғас Сманова Instagram-парақшасында адамдар дәретханада күнделікті қолданып жүрген ауа тазартқыштың денсаулыққа тигізетін зияны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің айтуынша, ауа тазартқыштың құрамындағы формальдегид, нитрит натрий, этанол, фталат және бензол сияқты қоспалар денсаулыққа айтарлықтай зиян. Мәселен,
- Формальдегид - тыныс алу жолдарын зақымдайды, аллергия мен өкпе қатерлі ісігіне алып келеді;
- Нитрит натрий - оттегі жетімсіздігіне, асқазан-ішек жолының шырышты қабатын бұзады;
- Этанол - жүйке жүйесіне у, эротроциттердің бұзылуына алып келеді;
- Фталат - гормоналды фонға кері әсер береді, балаларда СДВГ тудырады, омырау обырына алып келеді;
- Бензол - жүйке жүйесін тітіркендіреді, теріні майсыздандырады және лейкозға алып келу қаупі бар.
Айта кетейік, бұған дейін ауа тазартқышты қолдан қалай жасауға болатыны туралы хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Гольлджи жиынтығы және лизосома деген не?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә