Қазақстандық ауыратлет қыз әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі

Қазақстандық ауыратлет қыз әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі
Фото: ©instagram.com/committee_sport/

Мексиканың Гвадалахара қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Айсамал Сансызбаева күміс жүлдегер атанды. Ол 87 килоға дейінгі салмақта фавориттер қатарында болған еді. 

Қазақстандық ауыратлет қыз екі жаттығу нәтижесі бойынша 250 килоны еңсерді. Алтын алған Тайвань елінің спортшысы Лин Чен Ваннан 2 килоға қалып қойды. Қола медальды бразилиялық Тайями Джустино Де Лима иеленді. 

Тағы бір отандасымыз Егор Шерер 89 келіге дейінгі салмақта қоссайыс бойынша 334 (153+181) келі көрсеткішпен 7-орыннан көрінді.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Мексикадағы әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс медальмен аяқтады. Бұған дейін ерлер арасында 81 килоға дейінгі салмақта Едіге Емберді чемпион атанған болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай