Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 8 айда қазақстандықтарға 1,9 триллион теңгеден аса зейнетақы төленген. Қыркүйекте республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 244,1 миллиард теңге бөлініп, оның 74,2 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 169,9 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленген.

"2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлердің саны - 2 миллион 253 мың. Сондай-ақ, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері - 109 224 теңге", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Күміс жас" жобасы пайда болатынын мәлімдеген еді.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!