"Күміс жас" жобасы: 50 жастан асқан болашақ зейнеткерлерге мүмкіндік пайда болды

"Күміс жас" жобасы: 50 жастан асқан болашақ зейнеткерлерге мүмкіндік пайда болды
Фото: Тengrinews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің "Әйелдердің зейнеткерлік жасын 58 жасқа дейін төмендету үшін Қазақстан әйелдері қозғалысының" белсенділерімен кезекті кездесуі өтті. Бұл кездесуде зейнетақы аннуитеті мен "Күміс жас" жобасы талқыланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында азаматтарды зейнетақының барабар мөлшерімен қамтамасыз ету үшін қабылданатын шаралар ұсынылды. Сонымен қатар, кейінгі 3 жыл ішінде жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға арттыру туралы айтылды.  Бұл өсім 2 миллионнан аса зейнеткерді, сондай-ақ, 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар болашақ зейнеткерлерді қамтитын болады.

Кездесуде зейнеткерлікке ерте шығудың қолданыстағы заңнамалық негіздері белгіленді, оның ішінде зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы да тәсілі айтылды.

Зейнетақы аннуитеті деген не?

Зейнетақы аннуитеті - жинақталған қаражат жеткілікті болса, зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі.

Сондай-ақ, зейнетақы аннуитетінің құнын айқындаудың параметрлерін қайта қарау үшін Ұлттық банкпен бірлескен жұмыс басталғаны туралы хабардар етілді.

Зейнеткерлік жас алдындағы жұмыс істемейтін әйелдерді жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту мақсатында Министрлік "Күміс жас" жобасын іске асырып жатыр. Жоба шеңберінде әйелдерді жеке көмекшілер, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар, жас қызметкерлер үшін тәлімгерлер ретінде жұмысқа орналастыру жүзеге асырылады, келесі жылдан бастап оған 50 жастан асқан адамдар қатыса алады.

"​Бұл жобаға қатысу кезеңі еңбек өтіліне есептелетін болады, ал 30 АЕК (2023 жылы 100 мың теңге) мөлшеріндегі төлем сомасы зейнетақыны есептеу кезінде табыс ретінде қаралады деп көзделеді", - делінген хабарламада.

Осылайша, бұл әйелдер санаты зейнетке шыққан кезде қазіргідей 20 мың теңге емес, жобаға қатысу өтіліне байланысты 70 мың теңгеге дейін алатын болады.

1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ және тек жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы алатын адамдар үшін жаңа шарт - жинақтаушы зейнетақы енгізілетін болады. Бұл жүйеден төлемдер жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің пайдасына жүзеге асыратын қосымша жарналар есебінен төленеді.

Осылайша, қабылданған шаралар зейнетақының барабар мөлшерін қазір ғана емес, болашақ зейнеткерлерді де қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек