• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Қазақстанда үшінші АЭС салынуы мүмкін

Қазақстанда үшінші АЭС салынуы мүмкін
Фото: depositphotos.com

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысының Қазақстандағы екінші АЭС салу алаңын анықтауға қатысты тапсырмасына түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр бұл шешім жақын арада қабылданатынына сендірді.

"Екінші АЭС бойынша бізге алаңды анықтау тапсырылды. Бұл жақын арада жасалады. Алдын ала жұмыс жүргізілді, біз қоғам қайраткерлерімен де, экологиялық ұйымдармен де тиісті консультацияларды талдаймыз", - деді Сәтқалиев Астанадағы Энергетика министрлігінің брифингінде.

Энергетика министрі елімізде үшінші АЭС салу мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ.

"Содан кейін үкіметке Қазақстанда АЭС құрылысының екінші және мүмкін үшінші алаңы бойынша шешім енгізілетін болады. Біз екінші станцияны қазірдің өзінде білікті әлеуетті сатушылардан біреу немесе консорциум салатынын көреміз, өйткені олар өте терең талдау жасады. Біз оларды Қазақстанда құрылыстың (АЭС) әлеуетті мердігерлері ретінде көреміз. Қуат орналастыру аймағына қарай анықталады", - деп толықтырды министр.

Еске салайық, мұның алдында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев "Қазақстанда екінші атом электр станциясының (АЭС) құрылысы бойынша референдум өткізіле ме?" деген сұраққа жауап берген еді.

Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында АЭС құрылысын тездетуді және екіншісіне орын іздеуді тапсырған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова