- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда Максим Галкиннің...
Қазақстанда Максим Галкиннің концерті өтетін болды
Жақында ресейлік әртіс Максим Галкин Қазақстан билігі жеке кешін өткізуге тыйым салып жатқанын айтқан болатын. Сол мәлімдемеден кейін Алматыда әзілкештің концерті өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ресейлік әртіс Максим Галкиннің концерті 8 қазан күні Астанада, 9 қазан күні Алматыда өтетін болды. Бұл туралы өнер иесінің продюсері Алексей Пучков өзінің Instagram-дағы парақшасында жария етті.
Сондай-ақ Максим Галкин өзінің Instagram-парақшасында қазақстандық көрермендеріне алғыс айтты.
А. ЖапатоваҚазақстандағы қымбатты көрермендерім, сіздерге қолдауларыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Барлық келіспеушіліктерді шеше алдық, Алматыда және Астанада концерт өтетін болды. Астанада концерт 8 қазанда, Алматыда 9 қазанда өтеді. Мен сіздерді концертте күтемін. Кездезкенше", - деді ол.