Қазақстанда қызылша ауруы өршіп жатыр. Мектептерде карантин енгізіле ме?

Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны 100-ден асты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылдың басынан бастап республика бойынша 129 жағдай тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 117, жасөспірімдер арасында – 1, ересектер арасында – 11.

71%-да (91 жағдайда) вакцинацияланбаған балалар ауырып қалды.

16 жағдайда инфекция басқа елдерден келген адамдарда тіркелді: Түркия – 5, Мысыр – 8, Тәжікстан – 2, Қырғызстан – 1.

Қызылшаны тіркеу еліміздің 12 өңірінде атап өтіледі: Алматы қ. - 82, Түркістан - 15, Астана - 7, Жетісу облысында - 6, Ақтөбе облыстарында - 4, Қарағанды, Атырау облыстарында - 3, Шымкент қ. - 2, Павлодар, Қызылорда, Ақмола облыстарында 1 жағдайдан.

Денсаулық сақтау министрі Мәжіліс кулуарында Қазақстанда эпидемияның жоқтығын және мектептерде карантин енгізілмейтінін айтты.

"Елімізде 100 жағдай ғана, қатаң шара қолдануға көрсеткіш жоқ. Эпидемия жоқ", - деді Ажар Ғиният.

Қызылша - эпидемиялық вирусты ауру. Онымен әдетте 2-9 жас аралығындағы екпе алмаған балалар ауырады. Қызылшаның негізгі белгілері қандай? Мына жерден оқыңыз.