Ауа арқылы жұғады. Қызылшаның негізгі белгілері қандай?

Ауа арқылы жұғады. Қызылшаның негізгі белгілері қандай?
Фото: allegro18.ru

Қызылша - эпидемиялық вирусты ауру. Онымен әдетте 2-9 жас аралығындағы екпе алмаған балалар ауырады. 

Қызылша әдетте қыста және көктемде тарайды. Бұл ауру жақын байланыс немесе ауа арқылы жұғады. Оның белгілері жұққаннан кейін шамамен 20 күннен соң пайда болады. Қызылша белгілер пайда болғаннан кейін 5-7 күн аралығында жұқпалы болып саналады.

Қызылшаның белгілері:

- температура көтеріледі (37,8°C-38,9°C);
- мойынның артқы жағында немесе құлақ артында лимфа түйіндері ісіп кетеді немесе ауырады;
- жасөспірімдердің буындары ауыруы мүмкін;
- кейде мұрын бітеледі, құрғақ жөтел пайда болады, тамағы қырып ауырады, көзі жасаурайды;
- алқызыл бөртпе пайда болады.

Алғашқы бөртпе әртүрлі жерден басталуы мүмкін. Бірақ әдетте ол беттен басталады. Содан соң ол мойынға, денеге, аяқ-қолға тарайды. Бөртпе басқа дене бөліктеріне көшкен сайын бетінен кете бастайды. Әсіресе, бөртпе арқаға, бөксеге, қолдың сыртқы жағына және аяқтың ішкі жағына шығады. Табаны мен алақанына бөртпе шықпайды. Кейде ауыздың шырышты қабығына бірнеше бөртпе шығуы мүмкін. Бөртпе екі-үш күн тұруы мүмкін.

Бұл белгілер қызылша вирусын жұқтырғаннан кейін 14 күннен бастап 21 күнге дейін дамиды.

Балаңызға бөртпе шығып кетсе немесе қызылшаға күмәндансаңыз, міндетті түрде дәрігерге көрсету керек. Өздігінен емделуге болмайды.

Сондай-ақ мына ұсыныстарды сақтаңыз:

- Балаға төсек режимін қамтамасыз етуге тырысыңыз;
- Балаға суды көп ішкізіңіз;
- Қызылша жұқтырған бала бөртпе пайда болғаннан кейін 7 күн бойы мектепке немесе балабақшаға бармауы керек.

Алматыда қала бойынша қызылша ауруы өршіп жатыр. Сондықтан балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін балабақшаларда Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды.

А. Жапатова