Қазақстанда жыл басынан бері республикалық тасжолдарда жол апатының саны 10 пайызға азайған. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сегіз айдың қорытындысы бойынша республикалық жолдарда жол апатының саны төмендеген. Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда жол апаты 10 пайызға, қаза тапқандар саны 14 пайызға, зардап шеккендер 11 пайызға азайған.
"Жол апатының негізгі себебі - жүргізушілер ережені сақтамауы. Жол апатының негізгі факторлары мынадай: 35 пайызы - жылдамдықты асыру, 12 пайызы - арақашықтықты сақтамау, 11 пайызы - көлікті басқара алмау, 8 пайызы - қарсы жолға шығу", - деді Нұрлан Сауранбаев.
Еске салайық, бұған дейін орташа жылдамдық бақыланатын учаскелердің саны артатыны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова