Қазақстанда отбасы құратын жастардың орташа жасы өскен. Бұл туралы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Найля Мұхтарова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Демографиялық статистикаға сүйенсек, елімізде некеге тұратын жастардың орташа жасы өсіп келе жатыр. Бұрын 21-22 жас аралығы болса, бүгінгі таңда орташа жас 25-тен асты. Бұл тенденция тек отбасы құруда емес, қоғамның әртүрлі салаларында байқалады", - деді Найля Мұхтарова.
Оның сөзінше, бүгінде жастар алдына басқа да мақсаттар қойып, отбасын құруды кейінге қалдырып жүр. Бұл үрдіс артып бара жатыр.
"Бала туудың орташа жасы да ұлғайды. Бұрын 23-24 жас болса, қазір 29 жасқа жетіп отыр", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін отбасының шырқын бұзған 13 мың қазақстандық қамауға алынғаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Баланың жынысын алдын ала жоспарлауға бола ма?
Олжас Адай
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз