Отбасының шырқын бұзған 13 мың қазақстандық қамауға алынды

Отбасының шырқын бұзған 13 мың қазақстандық қамауға алынды
Фото: oreninform.ru

Қазақстанда отбасының шырқын бұзғаны үшін 13 мың адам қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы 3 айда (шілде, тамыз, қыркүйек) отбасында жанжал шығарып, жазаға тартылғандардың саны 4 есе өскен. Биыл екінші тоқсанында осындай 7 мың адам жауапкершілікке тартылса, үшінші тоқсанда олардың саны 27 мың адам болды. Тиісінше қамауға алынғандар саны 2 есе өскен.

Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тұрмыстық қылмыстардың өсуі байқалса, қабылданған шаралардың нәтижесінде биыл 9 айда олардың төмендеу үрдісі байқалды.

"Бұл ретте кісі өлтіру және денсаулыққа ауыр зиян келтіру саны азайған. Министрлік алдын алу жұмыстарын жандандырған. Тұрмыстық жаңжалқойларға қатысты 51 мың әкімшілік хаттамалар жасақталды. Сот шешімі бойынша 13 мыңнан аса адам қамауға алынған, 11 мың адамға ерекше талаптар белгіленді. Жәбірленушілердің қауіпсіздігі үшін 68 мың қорғау нұсқамасы шығарылды", - деді Игорь Лепеха Үкімет отырысында.

Вице-министр отбасының берекесін қашырған барлық адампрофилактикалық есепке қойынғанын атап өтті. Бүгінде полиция оларды қырағы бақылауға алған. Нәтижесінде шектеулерді бұзғаны үшін 8 мың есептегі адам жауапқа тартылған.

Игорь Лепеха тұрмыстық қылмыстардың шамамен 80%-ы мас күйінде жасалатынын жеткізді.

"Сондықтан бүгінде мас күйінде тұрмыстық жаңжалқойларды оқшаулау мәселесі маңызды болып саналады. Еліміз бойынша 880 төсек-орын бар 35 уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы жұмыс істейді. Олардың барлығы облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалада орналасқан. Бұл проблема ең өзекті болып табылатын моноқалаларда – бұл жақта олар мүлдем жоқ", - деді министрдің орынбасары.

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева енді отбасының берекесін қашыратындарға психологиялық көмек көрсетілетінін айтқан еді.

Аяз Есен

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz