Доллар бағамы 450 теңгеге дейін төмендеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 450,79 теңге болып, 5,82 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, бұл - 2024 жылғы маусымнан бергі ең төменгі көрсеткіш.
Ұлттық банктің 10 қыркүйекке арналған ресми бағамы - 456,89 теңге.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы:
- сатып алу - 448,01 теңге;
- сату - 450,79 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы:
- сатып алу - 447,09 теңге;
- сату - 454,11 теңге.
Айта кетейік, бүгін сағат 13:20-дағы жағдай бойынша Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар орта есеппен 455 теңгеден сатылып, 448 теңгеден сатып алынды.
Еске салайық, 4 қыркүйекте Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. жылдық 16,25 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова