Қазақстанда алғашқы атом электр станциясының құрылысын 2027 жылы бастау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ресей президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапары кезінде Қазақстан мен Ресей алғашқы АЭС жобасына қатысты екі үкіметаралық келісімге қол қоюы мүмкін.
Яғни атом электр станциясының құрылысы мен жобаның қаржылық бөлігіне қатысты құжаттар туралы сөз болып отыр.
Осылайша, тараптар келісімдерге қол қойса, Қазақстандағы алғашқы АЭС жобасы келесі кезеңге өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Ресей Қазақстанға АЭС құрылысы үшін несие беретіні хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!