Қазақстанда 23 қаңтардан бері 1900 жер сілкінісі болған

ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 23 қаңтарынан бастап Қазақстан аумағында 1900-ден астам жер сілкінісін тіркеді, оның 11-і сезілді. Сейсмикалық белсенділік Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған қатты жер сілкінісіне байланысты, оның сейсмикалық толқындары жақын маңдағы елдердің, соның ішінде Қазақстанның аумағына тарады.

Әдетте, мұндай қарқындылықтағы жер сілкіністерінен кейін көптеген афтершоктар орын алады, бұл әлі де байқалады. Бұл процестің қанша уақытқа созылатыны көптеген факторларға, соның ішінде жер сілкінісінің эпиорталығы орналасқан аймақтың сейсмикасына және жер жағдайына байланысты.

Бірте-бірте сейсмикалық белсендіру процесі әлсірейді және ол қалыпты режимге оралады.

ТЖМ дағдарыс жағдайлардағы басқару орталығының базасында республикалық жедел штабтың жұмысы жалғасуда. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, көлік және өндірістік объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Жағдай тұрақты.

"Азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береміз. Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларын есте сақтаңыздар. Егер сіз ғимараттардың жоғарғы қабаттарында болсаңыз, онда дүмпу тоқтағанша тұрыңыз, алдыңғы есікті алдын ала ашыңыз, бөлмедегі ең қауіпсіз орынға барып тұрыңыз: тірек арқалықтың астында, есіктер немесе негізгі қабырғалардың бұрыштарына, тірек бағанасына жақын тұрмаңыз, терезелерден, ауыр заттардан және жиһаздан алыс тұрыңыз. Сіз үстелдің астына тығыла аласыз немесе ванна бөлмесіне паналай аласыз.

Жер сілкінісі кезінде лифт пен баспалдақты пайдалануға болмайды. Дүмпу тоқтағанша күтіңіз, содан кейін ғана сыртқа шығыңыз. Көшеде ғимараттардан, электр желілерінен, маңдайшалардан, қоршаулардан және т. б. алыс ашық алаңда тұру керек. Дәрі-дәрмектер, қажетті заттар, өнімдер, құжаттар, фонарь, жылы заттар кіретін дабыл чемоданын алдын ала дайындаңыздар", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "НТЦСН и И" сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша сағат 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 00:09:02-де (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 09 мин 02 сек) жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 5 балл, Шымкент 2 балл болып сезілген. 

Артынша жер сілкінісі тағы да сезілді. Көп ұзамай жер сілкінісінің үшінші толқыны сезілді.  

Алматыда жер сілкінісі қайталанбайды

Сейсмикалық болжау комиссиясы Алматыдағы жағдай бойынша қорытынды жасады. Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының базасында комиссия Алматы болжамдық полигонының аумағындағы сейсмикалық жағдайға бағалау жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша комиссияның кезектен тыс отырысының хаттамасы дайындалады.

"Комиссияның қорытындысына сәйкес күшті және жойқын жер сілкінісі күтілмейді", - деп жазылған хабарламада.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді.

Алматы қалалық полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелері қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді. Қаладағы жағдай тұрақты

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!