Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылған Ерсайын Нағаспаев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңа басшы "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімі бойынша қызметке келді. Ерсайын Нағаспаев бұған дейін де "ҚТЖ ҰК" АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеген.
Әр жылдары Инвестициялар комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде қызмет атқарған. Сондай-ақ Көлік және коммуникация министрлігінде, "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМК-да басшылық қызметтерде болған.
Бұдан бөлек, Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары және "Астана" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
О. Сансызбай