Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда жариялаған ақпаратта.
Ол бұл қызметке 2025 жылғы ақпанда тағайындалған еді.
Ерсайын Нағаспаевтың қызмет жолы:
Ерсайын Нағаспаев Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
- 2002–2003 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің атташесі, Инвестициялар комитетінің атташесі болып қызмет атқарды.
- 2003–2006 жылдары — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы.
- 2006 жылдан — 2007 жыл аралығы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы, директордың орынбасары.
- 2007–2009 жылдары — «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК басшысының орынбасары, аппарат басшысы.
- 2009 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Әкімшілік жұмыс, мемлекеттік жұмыс, мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары, ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі болған.
- 2009–2010 жылдары — Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары.
- 2010–2011 — жылдары Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі.
- 2011–2013 — жылдары Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі.
- 2013–2014 — жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары.
- 2014–2016 — жылдары «Астана» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы.
- 2016–2020 жылдары — «Новострой Астана» ЖШС директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары.
- 2021 жылдың сәуірінен бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеген.
- 2025 жылы 28 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.
- 2026 жылы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.