"Қазақстан" шахтасындағы өрт: екі жұмысшы өлі табылды

"Қазақстан" шахтасындағы өрт: екі жұмысшы өлі табылды
Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Өрт шыққан "Қазақстан" шахтасынан екі кеншінің денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екі жұмысшының қаза тапқаны туралы ақпаратты Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Еске салайық, "Қазақстан" шахтасындағы апатқа байланысты кеншілер эвакуацияланып жатқаны хабарланған болатын.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының "Казахстанская" шахтасында конвейер лентасы өртенгені айтылды. Шахтада 227 адам болған. Шахтада конвейер лентасының тұтануына байланысты апатты жою жоспары енгізілген. 

"17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" Көмір департаментіне қарасты "Казахстанская" шахтасындағы (горизонт - 170 м) жұмыс кезінде конвейер лентасы жанды. Апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету кері позицияға ауыстырылды", - деді Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.

Кейінірек оқиғаға қатысты жаңа деректер айтылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова