- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақстан" шахтасындағы өрт...
"Қазақстан" шахтасындағы өрт әдейі жасалғаны рас па?
Полиция "Қазақстан" шахтасындағы өрт әдейі жасалған деген ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды облысының Полиция департаментінің мәліметінше, кейбір ақпарат агенттіктер "Қазақстан" шахтасындағы өрт әдейі жасалған деген ақпарат таратқан. Агенттіктер бұл ақпаратты Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, өрттің себебін анықтайтын тиісті сараптамалар тағайындалды. Облыс тұрғындарынан ықтимал қауесеттер мен арандатуларға берілмеуін, тек ресми ақпаратқа сенуін сұраймыз", - дейді ПД өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында шахта өртенгені хабарланған еді. Кейін екі жұмысшы өлі табылғаны хабарланған еді.
Сонымен қатар, "Қазақстан" шахтасындағы өрттен зардап шеккендер саны сегіз адам болғаны айтылды.
Кеше "Қазақстан" шахтасындағы өрт әлі сөндіріліп жатқаны белгілі болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина